Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелін қалыптастыру, сондай-ақ бекітілген (нақтыланған) параметрлерді түзету, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15515326