Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпыелдік маңызы бар жобаларға сараптама жүргізу, сондай-ақ осындай жобаларды баламалы қаржыландыру көздерінің болуын қарау арқылы қағидаларын бекіту туралы» жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15415121