Меню

Страницы

Статья

ҚР Үкімет отырысындағы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің баяндамасы

Ағымдағы жылы және одан кейінгі жылдары экономикалық өсудің қарқынын ұлғайту үшін Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландыруды едәуір ұлғайтады.

Атап айтқанда, Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 2025 жылы 1 трлн теңгеге ұлғайтады. Бұл шара Холдингке 8 трлн теңге сомасына жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Аталған инвестициялар елімізде жаңа жобаларды құруға бағытталатын болады. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуаты ұлғайып, өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындары құрылады.

Бизнесті қолдау үшін «Бәйтерек» тарапынан қаржыландыру көлемін ұлғайтумен қатар, қаржыландырудың жаңа құралдары енгізілетін болады.

 «Бәйтерек» төрағасы өз баяндамасында бұған толығырақ тоқталатын болады.

Бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру елімізде де, басқа елдерде де тиімді практика ретінде танылды. Сондықтан 2 кепілдік беру қоры құрылатын болады. Олардың бірі шағын және орта бизнеске кепілдік береді.

Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаятын болады.

Биылдың өзінде 1,7 трлн теңге сомасына 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар біздің елімізде ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін жаңа қор құрылады.

Ірі бизнеске арналған кепілдік беру қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Бұл ірі бизнес санының көбеюіне әсер ететін болады.

Экспорт әлеуеті орасан зор, бәсекеге қабілетті жобаларды құруда өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті жоғары: металл өңдеу, мұнай-газ, агроөнеркәсіптік кешен өнімдері, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары өндірісі, машина жасау салаларын, сондай-ақ IT-саласын, логистиканы, жүк тасымалдарын, туризмді, шағын және орта бизнесті дамыту үшін экоорта құрайтын зәкірлік және инфрақұрылымдық жобалар мен кластерлік-жобаларды қаржыландыруға баса назар аударылатын болады.

Үкімет елдің көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін қарыз алуға да мемлекеттік кепілдіктер береді, бұл ағымдағы жылы отандық тауарлар мен қызметтерге сұранысты арттырып, экономиканың өсу қарқынын жеделдетеді.

Аталған бастама алдағы уақытта транзиттік тасымалдардың, ел ішіндегі тасымалдардың көлемін ұлғайтып, іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал ететін болады.

2025 жылы мемлекеттік кепілдіктер 1,9 трлн теңгеге ұлғаяды, бұл 13,1 мың км дейін автомобиль және 585 км дейін темір жолдарында құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

2025 жылы Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырудың басталуымен байланысты инвестициялардың қосымша көлемі қамтамасыз етілетін болады.

Ұлттық жоба шеңберіндегі инвестициялар көлемі 5 жылда 13 трлн теңгеден асады, бұл ретте ағымдағы жылы инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар шамамен 1,2 трлн теңгені құрайтын болады.

Ұлттық жоба инвестициялардың өсуіне, сондай-ақ жаңа отандық тауарлар мен елдің коммуналдық инфрақұрылымын салу кезінде өнімдері сатып алынатын өндірушілердің пайда болуына ықпал ететін болады.

Ұлттық жобаны іске асыру инфрақұрылымның тозуын азайтуға, оның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық тиімділігінің өсуіне және электр энергиясы мен жылуды беру кезінде ысыраптарды азайтуға ықпал ететін болады.

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу шеңберінде елішілік құндылық үлесін ұлғайту үшін отандық өндіріс тауарларын пайдалануға ынталандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бұл тәсіл ішкі бәсекеге қабілеттілікті арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, сондай-ақ отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы рекордтық көлемдегі кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Бұл нәтижелерге жаңа инфрақұрылымды салудан және ипотекалық кредит көлемін ұлғайтудан бастап жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі барлық аспектілерді қамтитын бастамалар арқылы қол жеткізіледі.

Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар жалпы ішкі өнімнің өсуіне кемінде 2 пайыздық тармақ қосып, биылғы жылы оның айтарлықтай өсуіне алып келеді.

Жоғарыда аталған шаралардың уақтылы орындалуын бақылау үшін менің басқаруыммен Экономикалық өсу жөніндегі жедел штаб құрылды және жұмыс істейді.

Барлық туындайтын мәселелер жедел және дереу шешілетін болады.

Дата публикации
04 марта 2025
Дата обновления
04 марта 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы