Баспасөз-парағы
ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттарына сәйкес көпұлтты компанияларға арналған бизнесті жауапты жүргізу және аталған процесте Ұлттық байланыс орталығының рөлі бойынша Семинар
ҚР Ұлттық экономика министрлігі (ҚР ҰЭМ) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің практикасына сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты орган ретінде Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығымен, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарына арналған Басқарушы қағидаттарын түсіндіру бойынша семинар өткізуді жоспарлап отыр.
Ұлттық байланыс орталығы ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу бойынша Басқарушы қағидаттарын бұзатын көпұлтты компаниялардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды сотқа дейінгі қараудың тетігі болып табылады.
Семинардың өткізілу күні: 26 тамыз 2020 жыл, с. 11:00.
Семинардың форматы: бейнеконференция
Қызығушылық танытқан жағдайда +7 (701) 451-83-29 телефон арқылы, сондай-ақ қатысу үшін байланыс деректемелері (логин) көрсетілген кандидатураларды Gafyatullina.d@gmail.com электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз (байланысушы тұлға: Гафятуллина Данна).