Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің «2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15075130