Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ««Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына және «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15021348