Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Құқықтық актілер туралы» Заңының 19-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабына сәйкес «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №126 бұйрығының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқындауға қатысуға шақырады.
Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15099567 сілтемесі бойынша қолжетімді.