Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіруге қатысты баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жыл сайын өзектендіруді жүргізді.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 1 ақпандағы №34 Бұйрығымен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің 2024 жылға арналған тізілімі бекітілді.

ЖАО ұсынған мәліметтерге сәйкес тізілімге 261 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі енді.

Өңірлік бөліністе әлеуметтік кәсіпкерлердің басым бөлігі Астана             (74 субъект) және Алматы (47 субъект), Батыс Қазақстан облысы (33 субъект) қалаларында аталып өтіледі.

Алдағы уақытта тізілімді толтыру бойынша жұмыс тоқсан сайын жалғасатын болады.

Анықтама: өтінімдерді қабылдау дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш                  (бұдан әрі – өтініш);

2) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу үшін жүгінетін санаттағы сәйкестікті растайтын құжаттар;

3) өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының осындай адамның өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (құжаттарды сенімхат негізінде әрекет ететін өтініш берушінің өкілі берген жағдайда).

Ескертпе: әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуетті субъектілері құжаттарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген нысандарға сәйкес ұсынады (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығы)

Тізілімге енгізілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік қолдау шараларына үміткер бола алады.

Дата публикации
06 февраля 2024
Дата обновления
06 февраля 2024
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы