Меню

Страницы

Статья

2022-2023 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлық - халықтың өмір сүру сапасын нашарлататын және азаматтардың мемлекетке және жалпы қоғамға деген сеніміне нұқсан келтіретін және мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін әлемдегі ең жойқын мәселелердің бірі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың ашықтығына және бизнес пен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталған кең ауқымды шараларды іске асыруда.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі (Министрлік) өзге де мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік ұйымдармен, бизнес-қоғамдастықпен және коммерциялық құрылымдармен қатар «сыбайлас жемқорлықсыз ел» ұлттық идеясын іске асыру бойынша пәрменді шараларды тұрақты негізде іске асыруда.

2022 жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен (СЖҚІА) бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының (бұдан әрі – ҮББ №4) жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмыс іске асырудың жаңа форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа, заңнаманың қолданыстағы талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жауапты бөлімше мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлықтың тиімді алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар мен жұмыстар жүргізді, атап айтқанда:

- ҮББ №4 іске асыру бойынша министрліктің, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары бекітілді;

-2022 жылғы 27 маусымдағы «2022 жылға арналған «ҮББ №4 Жоспар-кестесі» әзірленді және бекітілді (2022 жылдың нәтижелері бойынша 100% орындалды), сондай-ақ жұмыс тобы және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі қалыптастырылды;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде Министрлікте, оның ведомствосында және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды іске асыру бойынша 2023 жылға арналған Жол картасы әзірленді, оған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде қосымша жаңашылдықтар енгізілді;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, олардың алдын алу шараларына саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру үшін, сондай-ақ Жол картасының міндеттерін орындау үшін Министрліктің аппараты басшысының келісімі бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жауапты бөлімше, Әдеп жөніндегі уәкілмен және құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп 2023 жылғы 20 сәуірде Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 166/3 мекемесіне қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында іс-шараға ресми байланыс арналарында тиісті репортаждар орналастырылған БАҚ («Astana TV», «Еуразия») өкілдері шақыртылған көшпелі профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды;

- тоқсан сайын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде НҚА-да және олардың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде анықталған ескертулер мен ұсынымдарды жоя отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді;

- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер қалыптастырылды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары, Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық сияқты құқықтық актілер әзірленді;

- «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ мен «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» РҚБ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды;

- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-қимыл жоспарының 12 және 13-тармақтарын іске асыру шеңберінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да «Cert International» сертификаттау жөніндегі орган ISO 37001 стандартын енгізу бойынша сертификаттауды жүзеге асырды;

-министрлікте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша СЖҚІА-мен бірқатар кеңестер (апта сайынғы scrum-кеңестер, жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша), ҮББ №4 іске асыру бойынша бекітілген жауапты тұлғалардың, сондай-ақ Министрлік басшылығының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың комплаенс-офицерлерінің қатысуымен тұрақты негізде өткізілді;

- Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықты бұзуына жол бермеу бойынша 2022-2023 жылдарға шаралар пысықталды, бұл министрлікте жасалған әкімшілік және қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың болмауымен расталды;

- Министрлік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік және қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы түсіндіру іс-шаралары тұрақты негізде өткізілді;

- ЖБАЖ базасына (жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі, Easy Project) атқарылған жұмыстар туралы есепті ақпаратты ұсыну бойынша жұмыстар, сондай-ақ осы бағыт бойынша өзге де іс-шаралар белсенді жүргізілді.

Сонымен қатар, СЖҚІА орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ҮББ №4 іске асыру бойынша кеңейтілген кеңес өткізді, оның барысында басшылық өз ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды белсенді іске асыратын мемлекеттік органдарды, оның ішінде Министрлікті жария етті.

Осылайша, Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті шараларды іске асыруда.

Дата публикации
22 января 2024
Дата обновления
22 января 2024
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы