Меню

Страницы

Статья

ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттарын түсіндіру бойынша семинар туралы баспасөз релиз

ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған Басқарушы қағидаттарын және Ұлттық байланыс орталығының қызметін түсіндіру бойынша семинар

 

Ағымдағы жылғы 25 маусымда ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіби одақтардың өкілдері үшін ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған Басқарушы қағидаттарын және Ұлттық байланыс орталығының қызметін түсіндіру бойынша бірлескен онлайн-семинар өткізді.

Бүгінде халықаралық инвестициялар әлемдік экономиканың қозғаушы күші болып табылады және соңғы үш онжылдықта халықаралық іскерлік орта бірқатар маңызды құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бұл ретте, Бизнесті жауапты жүргізу халықаралық инвестициялық климаттың маңызды элементі болып табылады. Көпұлтты кәсіпорындардың қызметі негізінен бірнеше елді жән алуан түрлі мәдени, құқықтық және реттеу шарттарын қамтиды.

 

Осыған байланысты, семинардың өзектілігі аса маңызды, оның барысында мынадай мәселелер қарастырылды:

  • Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы;
  • Ұлттық байланыс орталығының қызметі;
  • Ұлттық байланыс орталығына өтініш жасау тәртібі;
  • ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған басқарушы қағидаттары.

Семинардың спикерлері:

Нұрлан Шоқбарбаев – ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры;

Руслан Сұлтанов – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы;

Татьяна Зинович – Ұлттық байланыс орталығының мүшесі, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры.

Онлайн-семинарға 40-қа жуық қатысушы қатысты. Семинар қорытындылары бойынша қатысушылар оны өткізудің өзектілігі мен уақтылығы туралы жалпы пікір білдірді.

 

Дата публикации
25 июня 2020
Дата обновления
25 июня 2020
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы