Меню

Страницы

Статья

ҚР ӘЭД 2023 жылғы қаңтар- қарашадағы қорытындылары туралы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың баяндамасы

Ағымдағы жылғы қантар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ті құрады.

Оның ішінде нақты сектор – 3,5%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 5,6%-ке өсті.

Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік және қоймалау  көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 14,6%-ті құрады.

Инвестициялар ағыны ақпарат және байланыста – 2,8 есеге, көлік және қоймалауда – 58%-ке, саудада – 34%-ке, білім беруде – 17%-ке, ауыл шаруашылығында – 11%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%-ке, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 4,6%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсу Маңғыстау, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарында байқалды.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда тауар айналымы 2,6%-ке өсіп, 114 млрд доллардан асты.

Экспорт 65 млрд долларға, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 21 млрд долларға жуықтады.

Тауарлар импорты 49 млрд-тан астам долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 15 млрд доллардан асты.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,4%-ке өсті.

Көрсеткіштің өсуі 13 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Қызылорда, Қостанай, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 27%-ке жуық, оның ішінде автомобиль жасаудың – 41%-ке және электр жабдықтарын жасаудың – 32%-тен аса өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 1,9%, металл бұйымдары – 3,7%, құрылыс материалдары – 4,1%, пластмасса бұйымдары – 5,1%, жеңіл өнеркәсібі – 12% және жиһаз өндірісі – 42%.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,2%-ке жоғарлады.

Бұл ретте газ өндіру – 12%-ке, мұнай өндіру – 7,8%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 13%-ке өсті. Металл кендерін өндіру – 0,5%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 2,6%-ке, көмір өндіру – 5,8%-ке төмендеді.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6%-ке ұлғайды.

18 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Маңғыстау, Жетісу,  Батыс Қазақстан және Абай облыстарында байқалды.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада 15 млн шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 15,6%-ке жоғары. Ең жоғары көрсеткіш Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 8,4%-ке төмендеді. Ең көп төмендеуді Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Павлодар облыстары көрсетті.

Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсу 5 өңірде – Абай, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар ұсынылады.

1. Мереке күндері азық-түлік тауарларының, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің мәселені ерекше бақылауға алуы;

2. Авариялық жағдайларды болдырмау үшін жылу электр орталықтары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі;

4. Ағымдағы жылға анықталған инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау, жаңа инвесторларды тарту және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жандандыру;

5. Экспорттаушыларды қолдау шараларын іске асыру арқылы отандық өнім экспортын белсенді ілгерілету жөніндегі шараларды іске асыру.

Дата публикации
12 декабря 2023
Дата обновления
12 декабря 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы