2023 жылғы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (№ 42-VIII ҚРЗ) қол қойылды.
Заңда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке жыл сайын
2 000 млрд теңге сомасында кепілдендірілген трансферттің мөлшері бекітілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың кесімді бағасының мөлшері 2024 жылы барреліне 43,4 АҚШ доллары, 2025 жылы барреліне 40,2 АҚШ доллары және 2026 жылы барреліне 41,8 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді.
Заң республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын
іске асыруға мүмкіндік береді.