Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестициялар тартуға бағытталған Әлеуметтік саладағы МЖӘ-ні дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды.
Кешенді жоспар мына 5 бағыт:
- жоғары білім;
- денсаулық сақтау;
- халықты әлеуметтік қорғау;
- спорт;
- оқу-ағарту бойынша 43 объектіні құруды көздейді.
Жаңа объектілердің жалпы құны алдын ала есеп бойынша
261 млрд теңгеден астам соманы құрайтын болады.
Объектілердің құрылысы инвесторлардың қаражаты және бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен болжанады. Объектілер салынғаннан кейін жекеше әріптес 10 жыл бойы басқарып, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте объектілер пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет меншігіне беріледі.
Жоғары білім саласында жалпы қуаты 7950 төсек-орын болатын
9 студенттік жатақхана салу жоспарланған.
Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша
3 жаңа емхана мен 3 оңалту орталығын ашу көзделген.
Спорт саласында тез тұрғызылатын 8 спорт модулін салу көзделіп отыр.
Оқу-ағарту жүйесінде 5 оқу-сауықтыру орталығын, 5 оқушылар сарайын және 10 өнер мектебін салу жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.