Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы» жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14619959