Меню

Страницы

Статья

Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін өзектілендіру мәселесі бойынша ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың баяндамасы

Қазақстан экономикасы 2022 жыл бойы инфляциялық қысымның өсуі жағдайында жұмыс істеді. Жыл соңына қарай инфляция өз шарықтау шегіне жетіп, 20,3%-ті құрады.

Инфляцияның өсуіне бірқатар факторлар, соның ішінде ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сұраныстың артуы, сондай-ақ мигранттар ағынына байланысты тауар тапшылығы себеп болды.

Инфляцияның өсуіне негізгі үлесті азық-түлік өнімдері, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қосуда.

- жылдың негізгі трендтері ретінде:

- жаһандық инфляцияның орташа жылдық деңгейінің 2022 жылғы 8,8%-тен 2023 жылдың 6,6%-ке дейін төмендеуін;

- экономиканың жаһандық өсуінің жартысына жуығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қытай нарығының ашылуын;

- орталық банктердің базалық мөлшерлемелерді көтеруін;

- жаһандық жеткізу тізбегіндегі кедергілердің әлсіреуін;

- сондай-ақ, геосаяси шиеленістің сақталуын атап өтуге болады.

Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған бекітілген Кешенді жоспар 67 іс-шарадан тұрады. Оның  20-сы орындалып, 47 іс-шараның іске асырылуы
2023 және 2024 жылдары жалғасады.

Шаралар кешенін өзектендіру шеңберінде Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге, негізінен, өнім өндіруді ұлғайтуға бағытталған 46 жаңа шара әзірледі.

Үкімет өз алдына инфляцияны нысаналы дәліз шекарасында ұстап тұру және тауарлар тапшылығына жол бермеу міндетін қойып отыр.

Жаңартылған іс-шаралар кешені 5 бағыт бойынша іске асырылып, өндіріс көлемін арттыруды, тауарларды сақтауды, логистиканы, бөлшек сауданы, бағаны белгілеудегі бақылауды, монополияға қарсы әрекеттерді және сыртқы сауданы реттеуді көздейтін, сондай-ақ басқа да жүйелі 93 жедел және орта мерзімді сипаттағы шараны қамтиды.

Шаралар кешенінің бірінші бағыты – «Өнім өндіру көлемін ұлғайту». Бұл бағыт өндірушілер арасында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей сатып алудан форвардтық шарттар жасасуға көшу жолымен тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта форматтау жөніндегі шараларды қамтиды.

Сондай-ақ, биылғы  жылы 17 мың жеңілдетілген шағын несие беруге, 18 мың жұмыс орнын құруға бағытталған, ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру басталады.

Сонымен қатар, жаңа сүт-тауарлы фермаларды құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту бойынша 24 жобаны жеңілдетілген қаржыландыру арқылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі қолданылмақ.

Ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс материалдарын, жеңіл, химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларын өндіру бойынша импортты алмастыратын жобаларды іске асыру жалғастырылады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы құс етін өндіру бойынша 19 жобаны және ет өнімдерін өңдеу бойынша 17 жобаны іске асыру басталады, бұл 249 мың тонна құс етін және 32 мың тонна ет өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.

«Сақтау, логистика және көлік» – бұл картоп пен көкөністерді сақтау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін  шаралар кешенінің екінші бағыты. Маусымаралық кезеңде тиімді тауар интервенцияларын жүргізу үшін тұрақтандыру қорларының жүктемесін қамтамасыз ету көзделеді.

Азық-түлік корпорациясы өңдеу кәсіпорындарына одан әрі өткізу үшін шикізат сатып алуды жүзеге асыратын болады.

Транзиттік ағындардың географиясын кеңейту мақсатында жаңа көлік маршруттары пысықталып, автомобиль көлігімен отандық жүк тасымалдаушылардың үлесі 30-дан 50%-ға дейін ұлғайтылатын болады.

Үшінші бағыт – «Тауарлардың бөлшек саудасы». Сауда үстемесін бақылау фискалдық деректер операторларының электрондық шот-фактуралардың деректерін пайдалануы және өңірлік комиссиялардың тиімді қызметін қамтамасыз ету арқылы өнімсіз делдалдарды анықтау жолымен жүзеге асырылатын болады.

Ірі өндірушілер мен сауда желілері арасында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын төмендету және ұстап тұру, апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу туралы келісімдер жасасу жөніндегі жұмыс жалғасады.

«KazTrade» АҚ базасында Бағаларды талдау және болжау жөніндегі ахуалдық орталық құрылады, бұл бағалардың өсу тәуекелінің факторларын анықтауға және тиісінше алдын алу сипатындағы шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

 «Баға белгілеуді бақылау, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеу» – Шаралар кешенінің төртінші бағыты.

Аталған бағыт шеңберінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының, жанар-жағар май, көмір мен дәрі-дәрмектер бағасын тұрақтандыру шаралары көзделген.

Бұл ретте әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 15% сауда үстемесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі заңнамалық функцияны толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сонымен қатар әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жедел ден қою шаралары қабылданатын болады.

Табиғи монополиялар субъектілері жүргізетін сатып алу рәсімінің ашықтығын және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданатын болады.

 «Жүйелі шаралар» шеңберінде баламалы деректер негізінде инфляцияға мониторинг жүргізу жоспарлануда.

Респонденттерді дәстүрлі қағаз жүзінде зерттеп-қараудан цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, компьютерлендірілген деректер жинау жүйесіне көшу жүзеге асырылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау халықтың әртүрлі санаттары үшін көрсетілетін коммуналдық қызметтер шығындарын сараланған өтеу тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін қолжетімді қаржыландыруды ұсыну жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Бірыңғай ақпараттық жүйе – «Ұлттық тауар өткізу жүйесін» құру жөніндегі жұмыс жалғасады.

 Орта және жоғары деңгейде өңдеп-жасалатын өнім шығару мақсатында ішкі нарық қажеттілігі үшін ел аумағында жеңілдікпен өндіріліп шығарылатын негізгі материалдарды жеткізу қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, жоғары деңгейде өңдеп-жасалатын тауарларға бас назар аудара отырып, экспорттаушыларды қолдау шаралары қайта қаралатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі өзінің алдына:

- инфляцияны нысаналы дәлізде ұстау;

- мемлекеттік реттеу, өндірісті ұлғайту, сыртқы сауданы реттеу шараларын қолдану арқылы тауар тапшылығын болдырмау;

- бағаны тұрақтандыру және бизнес-ахуалды, оның ішінде инвестициялық бизнес-ахуалды жақсарту мақсатын қойып отыр.

 

Дата публикации
25 апреля 2023
Дата обновления
25 апреля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы