Меню

Страницы

Статья

ҚР ӘЭД 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы қорытындылары туралы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың баяндамасы

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы  жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасы 4,3%-ке өсті.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7%-ті, ал қызмет көрсету саласындағы өсім – 5%-ті құрады.

Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2%-ті құрады.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 72,8%-ке, ауыл шаруашылығында – 33,1%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 12,1%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 14,1%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,2%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 7,2%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар және Қарағанды облыстарында байқалды.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ке өсіп, 10,3 млрд. долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4%-ке өсіп, 6,1 млрд. долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21,5%-ке ұлғайып, 2,1 млрд. долларды құрады.

Тауарлар импорты 4,2 млрд. долларға жетті.

Жалпы, оң сауда балансы 1,9 млрд. долларға тең.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 2,5%-ке өсті.

Көрсеткіш өсуі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Алматы облыстары және Алматы қаласы ең жоғарғы өсуді көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 31,5%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 34,2%-ке, электр жабдықтарын жасаудың – 48,7%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 9,6%, мұнай өңдеу өнімдері – 5,4%, химия өнеркәсібі – 3,6%, сусындар өндірісі – 22,6%, фармацевтика өндірісі – 16,7%, жеңіл өнеркәсібі – 34,3%.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,5%-ке жоғарлады.

Бұл ретте көмір өндіруді қоспағанда, барлық салалары бойынша өсім байқалады.

Атап айтқанда, металл кендерін өндіру – 2,1%-ке, газ өндіру – 1,1%-ке, мұнай өндіру – 0,1%-ке, сондай-ақ өзге де  пайдалы қазбаларды өндіру – 12,9%-ке өсті. Тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 6,5%-ке жоғарлады.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ке ұлғайды.

Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалды.

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 2,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ке жоғары.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалды.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,9%-ке ұлғайды.

Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы  жалпы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстарында,  сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалады.

6 көрсеткіш бойынша өсім 9 өңірде тіркелді. Бұл Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары.

Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады:

1. Инфляцияға қарсы ден қою шараларын күшейту және жеміс көкөніс өнімдеріне бағаның алып-сатарлық маусымдық ауытқуына жол бермеу;

2. Экономика салаларында өсудің оң қарқынын сақтау жөніндегі шараларды іске асыру, көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуде кешенді қолдау көрсету;

3. Жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздемені сапалы дайындау, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы жүргізу және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатты өнім берушіге дейін жеткізуі;

4. Шикізат емес экспортты жан-жақты қолдау және баламалы экспорттық бағыттарды ұлғайту;

5. Су тасқынына қарсы іс-шараларды тиімді жүзеге асыру.

Дата публикации
14 марта 2023
Дата обновления
14 марта 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы