2023 жылғы 17 ақпанда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 139 қаулы қабылданды.
Өзгерістер 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде әлеуметтік кәсіпкелік субъектілері үшін кредиттеудің жеңілдікті жағдайларын жасауды көздейді.
Осылайша, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеулерсіз 5 жылға дейінгі мерзіммен 1,5 млрд теңгеге дейінгі несие сомасына 7% (барлық қалған үшін 8%) мөлшерлеме бойынша жеңілдікті несие ала алады.
Ұлттық жобаға қатысу үшін әлеуметткі кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде тіркелу қажет. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізліміне егізу тәртібі 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 Үкімет қаулысымен регламенттелген.
Толық және сенімді ақпарат алу үшін, сондай-ақ ұлттық жобаға қатысу үшін құжаттарды дайындау және жинау үшін кәсіпкер аумақтық кәсіпкерлік басқармасына, «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға https://damu.kz/, сондай-ақ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.