Меню

Страницы

Статья

Гендерлік теңдік жөніндегі ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың баяндамасы

Өз баяндамамды құттықтау сөзімен бастағым келіп тұр. Қазақстанның барлық әйелдерін келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын және зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Бұл көктем мерекесі – әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың әлеуетін іске асыру үшін тең жағдай жасау үшін күресте жеңіске жетудің бейнесі.

Қоғамның әртүрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі зор. Әйелдер елдегі экономикалық және саяси өзгерістерге үлкен оң әсер етеді.

Қазақстан тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар қоғамды қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жеткізді.

Республикада гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің құқықтық және институционалдық негізі қалыптасты. Заңнамалық деңгейде әйелдерге қатысты кемсітуді жою және ерлер мен әйелдердің тең құқығын ілгерілету көзделген.

Елімізде әйелдердің ел өміріндегі рөлін арттыру үшін жағдай жасауға, қазіргі қазақстандық әйелдің мансаптарға табысты жетуіне, мемлекеттік және қоғамдық басқаруға белсенді қатысуына үлкен көңіл бөлініп отыр.

2015 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму саласындағы мақсаттарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады. Сондағы 17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылады.

Орнықты даму мақсаттарының 262 ұлттық индикаторы бекітілді.

«Орнықты даму мақсаттары бойынша Прогресс индексі» рейтингі 115 көрсеткiштi қамтиды. 2022 жылы Қазақстан рейтингі бойынша позицияны 12 орынға жақсартты. 2019 жылмен салыстырғанда 77-ден 65-інші орынға көтеріліп, мүмкiн 100-ден 71,1 балл жинады.

5-інші мақсат – «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту» жыныстық кемсітушіліктің барлық түрлерін жоюға және мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл мақсат 9 міндет пен 16 индикаторды қамтиды.

Осы мақсатта қазіргі уақытта мемлекеттің барлық стратегиялық бағыттары мен міндеттері шеңберінде ұлттық бейімделу мен есепке алу қалыптасуда.

2022 жылы «Гендерлік алшақтық индексі» рейтингі бойынша Қазақстан гендерлік даму саласындағы табысты реформалардың арқасында 15 позицияға көтеріліп, рейтингте 146 елдің ішінен 65-інші орынды иеленді.

Білім беру, денсаулық сақтау және өмір сүру, сондай-ақ экономикалық қатысу мен мүмкіндіктер салаларында оң динамикаға қол жеткізілді. Әйелдердің саяси қатысуы бойынша  көрініс те жақсарды.

Қазақстан ресми түрде Париж қаласындағы «Ұрпақ теңдігі» форумы шеңберінде жарияланған гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Іс-қимыл Коалициясының қатысушысы болып табылады.

Коалиция теңдікті қамтамасыз ету жолындағы ең қиын кедергілерді жоюға бағытталған және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы Күн тәртібінің «Ешкімді артта қалдырмау» қағидаттарына сәйкес келеді.

Сондай-ақ, еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының 2022-2024 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің мүшесі және онда гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейту басымдырақ болып табылады.

Соңғы онжылдықта елде әйелдердің жаңа буыны қалыптасты – олар қаржылық және психологиялық тәуелсіздікпен, сондай-ақ, отбасын құруға, мансапта табысқа жетуге, рухани және шығармашылық дамуға бағдарлануымен сипатталады.

Сонымен қатар, әйелдердің саяси ілгерілеуі, корпоративтік өсуі және дамуы қамтамасыз  етілуде.

Статистикаға сәйкес мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 2010 жылы 52,7 пайызды құраса, 2022 жылы 55,4 пайызға дейін өсті, оның ішінде 39,2 пайызы басшы лауазымындағы әйелдер құрайды.

Саяси лауазымдарда 59 әйел жұмыс істейді, олардың ішінде министрлер, Агенттіктің, Жоғары аудиторлық палатаның және Конституциялық соттың төрағалары, облыстардың және қала әкімдерінің орынбасарлары да  бар.

Шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 2011 жылы 38,4 пайыз болса, 2021 жылы 44,6 пайызды құрады.

Елімізде кәсіпорын басшыларының ішінде 30,8 пайызы әйелдер.

Үкіметпен мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30% дейін арттыруға бағытталған шаралар қабылдануда.

Министрлік акционерлік қоғамдарды дамыту жоспарларына әйелдер үлесін кезең-кезеңімен арттыру бойынша гендерлік нысаналы индикаторларды енгізу жұмысын жүргізуде. Бұл индикаторлар:

1) атқарушы органдарға;

2) директорлар кеңесіне;

3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріне қатысты көзделген.

Жыл сайын қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары арқылы әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру және қолдау артып келеді.

Қаржылық қолдау шаралары шеңберінде «Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» құралдары қарастырылған, онда 6 мың жоба және «Кредиттерге кепілдік беру» бойынша 4 мың жоба қолдау тапты.

Шағын және орта бизнес және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шеңберінде бірқатар шаралар көзделген.

Бизнес субъектілерінің кәсіптік және салалық құзыреттерін арттыруға бағытталған 11 мың сервистік қызмет және 19 мың ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметі көрсетілді.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының» қызметі кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға бағытталған.

Орталықтарда 8 мыңнан астам әйел кеңес алды, олардың 19%-і ауылдық жерлердің тұрғындары.

Сонымен қатар, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы іске асырылуда.

Бұл бағдарлама 108 млн. АҚШ $ сомасында қаржыландырылды. 48 жергілікті консалтингтік жобаның және халықаралық сарапшылардың қатысуымен, 6 жоба іске асырылды.

Қорытындылай келе, тұрақты экономикалық өсудің маңызды факторларының бірі ретінде әйелдердің іскерлігін арттыруға қосқан елеулі үлесін атап өткім келеді.

Әйелдердің саясаттағы рөлі және олардың белсенді қатысуы қоғамдық өмірдің басқа салаларында да гендерлік теңдікті жақсартуға ықпал етеді.

Дата публикации
07 марта 2023
Дата обновления
07 марта 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы