Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысының КДЖ бойынша ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың баяндамасы

Мемлекет басшысының Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес Министрлік облысының әкімдігімен бірлесіп Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасын әзірледі.

Жоба 9 бағыттан және түрлі салалар бойынша  іске асыруды көздейтін 126 іс-шарадан тұрады.

Кешенді жоспардың әрекет ету аралығындағы инвестициялардың жалпы көлемі 1,4 трлн. теңгені құрайды деп күтілуде, оның ішінде РБ – 124,8 млрд. тенге немесе 9,2%, ЖБ – 3,4%, сондай – ақ жеке инвестициялар - 1,2 трлн. теңге немесе 87,4%.

Облыс дамуының негізгі бағыты өнеркәсіп екенін ескере отырып, Кешенді жоспар жобасы осы бағыттағы бірқатар іс-шараларды қамтиды. Нақты айтқанда, минералдық-шикізат базасын кеңейту үшін талшықты кварц өндіруді жылына 17,4 мың текше метрге дейін арттыру, 9 кен орындарында және тау-кен жұмыстарының шегінде геологиялық барлау жүргізу көзделген.

Сондай-ақ, 9 өндірістік зауыт пен гидрометаллургиялық өңдеу кешендерін, өнеркәсіптік реагент шығару,  сондай-ақ кен орындарын жаңғырту жолымен өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жоспарлануда.

Шағын және орта бизнес саласында Жезқазған қаласында көтерме-тарату орталығының, 3 қонақ үй кешендерінің және демалыс үйінің салынуы күтілуде.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да назар аударылуда. Кешенді жоспар аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды.

Бұдан басқа, жем-шөп базасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жем-шөп және оған қоспалардың өндірісін қосу күтілуде.

Іске асырылатын жобалар мал басын орта есеппен 40%-ға ұлғайтып, өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды дамыту саласында 300 шақырым су құбыры, 127 шақырым су бұру, 130 шақырым жылу желілері жөнделеді және салынады, сондай-ақ жылу станциясы жаңғыртылып, Жезқазған қаласында 2-ші жылы электр орталығы салынады.

Сондай ақ, тұрғын үй проблемаларын шешу үшін шамамен 137 үйге немесе 1 058 пәтерге әсер ететін Жезқазған қаласының тұрғын үй қорын жаңарту жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы аясында теміржол вокзалы және әуежайдың ғимараты, оның ішінде ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртылады. Бұдан басқа, еліміздің басқа қалаларымен әуе қатынасының жаңа бағыттары ашылады деп болжануда, сондай-ақ 400 шақырымға жуық автожолды салу, реконструкциялау және жөндеу жоспарлануда.

Медициналық мекемелердің және денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымның жетіспеушілігі проблемаларын шешу мақсатында 235 орындық және 350 келушіге арналған 5 денсаулық сақтау объектісін салу және күрделі жөндеуден өткізу көзделген.

Білім беру саласында 880 орындық 4 балабақша және 1100 орындық 4 оқушылар сарайының құрылысы жоспарлануда, сондай-ақ мемлекеттік техникалық университет ғимаратын салу мәселесі пысықталатын болады.

Мәдениет және спорт саласында 6 мәдениет және 10 спорт нысандарын салу және реконструкциялау жоспарлануда.

Кешенді жоспардың бірқатар іс-шаралары өңірдегі экологиялық жағдайды да жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, Жезқазған және Сәтбаев қалаларын көгалдандыру, сондай-ақ Кеңгір және Жезді су қоймаларын тазарту  жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осы шараларды іске асыру шеңберінде 2026 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 40,8%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 35%-ға өсу болжануда. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,7 есеге, ал ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 2,5 есеге өседі.

Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 100%-ға, ал оқушыларды қосымша біліммен қамту 80%-ға жетеді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 98%-ды құрайды, 9,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Тұтастай алғанда, Кешенді жоспарды іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Кешенді жоспардың жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді.

Дата публикации
01 ноября 2022
Дата обновления
01 ноября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы