«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы

«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған

НЫСАН

 

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бірлескен  бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жоба  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің  124-6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

4.

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбесін бекітуді көздейді.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

2025 жылғы желтоқан.

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.  

 

«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы
Дата публикации
12 февраля 2026