Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған

НЫСАН

1. НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3. НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер

(тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып) Жоба екінші деңгейдегі банктер арқылы шартты қаржыландыру бағдарламалары бойынша түпкілікті қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесін қалыптастыруға бірыңғай және ашық тәсілді белгілеу және кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау тетіктерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

4. НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жоба екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырудың барлық бағдарламалары бойынша түпкілікті қарыз алушылар үшін бірыңғай сыйақы мөлшерлемесін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді.

5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Ақпан 2026 жыл.

6. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
31 января 2026