|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі - Жоба). |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға (бар болса) сілтеме жасай отырып) |
Жоба Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №25-93-5.16 тапсырмасына, Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2024 жылғы 9 шілдедегі № 21 хаттамасына сәйкес әзірленді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен негіздемелік келісімге қол қою Қазақстан Республикасымен оның мақсаттарына сәйкес өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою болып табылады. |
|
6 |
НҚА жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |