«Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – Жоба) реттеуші саясаттың консультативтік құжаты.

Нысан

жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – Жоба) реттеуші саясаттың консультативтік құжаты.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 77-тармағын орындау мақсатында әзірленді

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада мемлекеттің экономикаға қатысуының нақты шекараларын және басқаруға жол берілетін құқықтық талаптарды бекіте отырып, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жаңарту көзделеді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Әзірленіп жатқан жоба мемлекеттік меншіктің негіздемесін қалыптастыратын болады және мемлекеттік мекемелер мен мемлекет қатысатын компаниялардың коммерциялық және коммерциялық емес функцияларын нақты ажыратуға, олардың экономикалық өсуге қосқан үлесін барынша арттыруға, сондай-ақ олардың қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жоқ.

 

«Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – Жоба) реттеуші саясаттың консультативтік құжаты.
Дата публикации
14 января 2026