«Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған

НЫСАН

 

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»          Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі - Жоба)

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жеке ескірген норманы алып тастау                           (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы)

4.

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Үкіметінің     1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы алып тастау көзделеді (коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптары болмаған кезде газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшiн төлемнiң мөлшерi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нормалардан аспайтын қолданыстағы тұтыну нормалары ескерiле отырып айқындалады;)

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

2025 жылғы шілде

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

«Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы
Дата публикации
19 декабря 2025