|
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған НЫСАН |
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып) |
Мемлекет басшысының а.ж. 5 желтоқсандағы Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын шұғыл қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында. |
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба шағын кәсіпкерлікті ауқымды дамытуға, жергілікті шикізат өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыруға, қолөнер, былғары, сүт, және басқа да тауашаларды кеңейтуге, сондай-ақ өңірлік әлеует пен қажеттіліктерді ескере отырып, басым бағыттардың тізбелерін қалыптастыруға жергілікті атқарушы органдарды тартуға бағытталған. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Шағын бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту, ауылдық елді мекендерде, моно және шағын қалаларда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, сондай-ақ жергілікті бастамалар мен жұмыспен қамтуды дамытуға жағдай жасау. |
|
6. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. |