«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған

НЫСАН

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы                                               (бұдан әрі – Жоба).

 

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

 

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жоба «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                               7-1-бабының  2) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында   әзірленді.

 

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобамен электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензия алу мақсатында энергиямен жабдықтаушы   ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау, сондай-ақ сілтемелік нормаларды өзектендіру көзделеді.

 

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

    2025 жылғы желтоқсан.

 

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау теріс                                             әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы
Дата публикации
10 декабря 2025