«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған

НЫСАН

1.

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
17 қыркүйектегі №754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы  (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып)

Кәсіпкерлік саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру көзделеді.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау қаржылық қолдауға мұқтаж кәсіпкерлік субъектілерін кең қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
Дата публикации
03 декабря 2025