|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға (бар болса) сілтеме жасай отырып) |
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобамен тиісті ережелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру көзделеді. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. |
|
6 |
НҚА жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |