«Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы

Жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

НЫСАН

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба жаңа Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу кезінде теңестіру коэффициентін қолдану тәртібін белгілеу ұсынылады, бұл ретте 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі жоспарланып отыр.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексін іске асыру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жоқ.

«Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы
Дата публикации
12 ноября 2025