«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы

Нысан

жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
3-2-тармағына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобамен аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың маслихаты коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны)  үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін келісу бөлігінде өзгерістер енгізеді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жергілікті өкілді органдармен келісу арқылы жалдау ақысының ставкаларын белгілеу және қолдану кезінде ашықтықты арттыру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жоқ.

«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы
Дата публикации
04 ноября 2025