|
Жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған Нысан |
||
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын және қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағының нормаларын іске асыруға бағытталған. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба импортталатын жекелеген тауарлардың тізбелерін бекітуді көздейді, олардың өндірісі жоқ немесе өнім өндіруде пайдаланылатын ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтемейді, оларды әкелу кезінде ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Бұйрықтың жобасында сондай-ақ көрсетілген тауарлардың импортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің шеңбері айқындалады. Тізбелердің күші ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің импортына қолданылмайды. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкестендіру. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жоқ. |