«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасы

Жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

Нысан

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаул жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба Қазақстан Республикасы Жаңа Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыруға әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қамту саласын регламенттейді.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбе жобасы порталда жүктеуге қолжетімді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ынталандыруға және оларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартуға мүмкіндік береді.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жоқ.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаул жобасы
Дата публикации
26 сентября 2025