«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша қарсы міндеттемелерді белгілеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша қарсы міндеттемелерді белгілеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі - Жоба).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға (бар болса) сілтеме жасай отырып)

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 281-бабының 3 тармағына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша қарсы міндеттемелерді белгілеудің тәртібі мен мерзімдерін бекіту көзделеді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

6

НҚА жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша қарсы міндеттемелерді белгілеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы
Дата публикации
18 сентября 2025