«Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

Жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

Нысан

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 753-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу тәртібін және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту көзделеді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу процесін және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін ұйымдастыру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жоқ.

 

 

«Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
Дата публикации
18 сентября 2025