|
Жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған Нысан |
||
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ, рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба). |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 753-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ, рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау критерийлері мен тәртібін Салық кодексінің қабылдануына байланысты қайта бекіту көзделеді. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу процесін ұйымдастыру. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жоқ. |