«Білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 2025 жылғы 18 шілдедегі №337-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және №366-бабы 17) тармақшасының нормаларын орындау мақсатында әзірленеді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы «Білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормаларын белгілеу туралы» оқытуға, біліктілікті артыруға немесе қайта даярлауға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін құқықтық реттеу мақсатында әзірленді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкестендіру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жоқ.

«Білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы
Дата публикации
05 сентября 2025