«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған

НЫСАН

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығының    бекітілген Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын  іске асыру бойынша  жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 5 тамыздағы № 21-04/05-4563 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

4.

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Бұйрық жобасын қабылдау қолданыстағы Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейді.

 

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Бұйрық жобасын қабылдау неғұрлым тұрақты және қолайлы тарифтік саясатты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы
Дата публикации
02 сентября 2025