«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы

«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған

НЫСАН

1.

НҚА жобасының атауы
(НҚА түрін көрсете отырып)

      «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер

(тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып)

      «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысын іске асыру мақсатында

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

      Жоба кәсіпкердің/грант алушының жобаларының кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын іске асыру шарттарына сәйкестігін субсидиялау, кепілдік беру және гранттық қаржыландыру құралдары бойынша мониторингтеу тәртібін, сондай-ақ кәсіпкерлердің тиімді жобаларын іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын, кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелерін (жұмыс орындарының санын ұлғайту, бюджетке салық төлемдері және т.б.) орындауын көздейді.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

     «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы шеңберінде, оның ішінде кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын бекітілген бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу тәртібін айқындау.

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

      Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы
Дата публикации
05 августа 2025