|
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған НЫСАН |
||
|
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
|
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. |
|
|
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып) |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес. |
|
|
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Салық кодексінің қабылдануына байланысты Жоба әлеуметтік қорғалуға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесін қайта бекітуді көздейді.
|
|
|
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Әлеуметтік қорғалуға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту. |
|
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. |
|