Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің - Ұлттық экономика министрінің  «Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығының жобасы

НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

 

НЫСАН

1

НҚАжобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің - Ұлттық экономика министрінің  «Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге
де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
2023 жылғы 30 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығының жобасы (бұдан әрі - Қағида).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер                                     (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болған жағдайда))

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2025 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобамен Қағидаларға «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шығарылған елді айқындау мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы»
2025 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «отандық тауарлар, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтер» сөздерін «Қазақстанда шығарылған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер» сөздеріне ауыстыру бөлігінде өзгеріс енгізу ұсынылады.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттарымен мерзімдері

Ереженің Қағиданы заң талаптарына сәйкестендіру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзгеде салдар

Жоба қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық
және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің - Ұлттық экономика министрінің  «Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығының жобасы
Дата публикации
28 июля 2025