|
«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған НЫСАН |
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы (бұдан әрі - Жоба). |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) |
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. |
|
4. |
НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба Тарифтерді қалыптастыру және Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2025 жылғы шілде. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |