«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған

НЫСАН

1.

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

     «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
5 тамыздағы № 626 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

(бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер

(тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып)

     Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық емес қолдау тетіктерін жетілдіру мақсатында.

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

       Жобада орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын күшейту,
«Бір ауыл-бір өнім» жобасының финалистерінің санын кеңейту, өңірлік ерекшелікті ескере отырып, экономиканың басым салалары бойынша оқыту, сондай-ақ редакциялық түзетулер енгізу көзделеді.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

       Негізгі мақсат – бизнес-қоғамдастықты сапалы консультациялық қызметтермен қамтуды кеңейту, сервистік қолдаудың хабардарлығы мен қолжетімділігін арттыру, сондай - ақ «Бір ауыл-бір өнім» жобасының финалистерінің санын ұлғайту.

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

      Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Дата публикации
21 июля 2025