|
«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған НЫСАН
|
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрығы (бұдан әрі – Жоба) |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) |
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астана және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын іске асыру үшін әзірленді |
|
4. |
НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының («Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы, «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығы және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығы) жеке рәсімдерін нақтылау бөлігіне өзгерістерді енгізуді көздейді |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2025 жылғы шілде |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды |