«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және «Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған

НЫСАН

 

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 73 және «Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» 2021 жылғы
5 қаңтардағы № 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрығы (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жоба «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
және Ұлттық жобаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

4.

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада сайт арқылы жария шарт жасасу және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде

табиғи монополия субъектісінің қосылатын желілеріне қойылатын талаптардың бірыңғай тізбесін бекіту ұсынылады.

 

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

2025 жылғы мамыр.

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және «Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Дата публикации
13 мая 2025