Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелін қалыптастыру, сондай-ақ бекітілген (нақтыланған) параметрлерді түзету, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелін қалыптастыру, сондай-ақ бекітілген (нақтыланған) параметрлерді түзету, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 148-баптың 9-тармағына, 149-баптың 9-тармағына, 150-баптың 1-тармағына, 153-баптың 3-тармағына, 155-баптың 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі еежелердің сипаттамасы

Бұйрық жобасы жаңа Бюджет кодексін іске асыру мақсатында әзірленді  және мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау қағидаларын жаңа редакцияда қайта бекітуді көздейді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша жалпы басшылықты және бірыңғай саясатты қамтамасыз етеді.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Бұйрық жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелін қалыптастыру, сондай-ақ бекітілген (нақтыланған) параметрлерді түзету, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
18 апреля 2025