|
Нысан жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін |
||
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Байқау кеңестері құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды және Байқау кеңесін құру және таратудың, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптардың, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы. |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Ұлттық экономика министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде корпоративтік басқаруды дамыту шеңберінде әзірленді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада квазимемлекеттік сектордың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде олардың ұйымдық-құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып, корпоративтік басқару тәсілдері нақтыланады. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаны қабылдау байқау кеңестерін қалыптастыру және олардың мүшелерін іріктеу бөлігінде жарғылық капиталына мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде корпоративтік басқару тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жоқ. |