|
«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған НЫСАН
|
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрығы (бұдан әрі-жоба) |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) |
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді. |
|
4. |
НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба теміржол жолдары мен теміржол көлігі объектілерін пайдалануға беру саласындағы концессиялық шарттардың аталуын болдырмауды көздейді. Оларды МЖӘ шарттары бойынша ұсыну мүмкіндігі сақталады, алайда концессиялық шарттар тізбеден алынып тасталады. Өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану» Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2025 жылғы мамыр |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |