Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Бұйрық жобасы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2), 11-4), 11-6) тармақшаларына және 27-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі еежелердің сипаттамасы

А.ж. 15 наурызда жаңа Бюджет колексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Заңы қабылданды.

Осыған орай, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру үшін Жобамен МЖӘ жобаларын жоспарлау мен іске асыру қағидалары қайта бекіту көзделеді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны өзектендіру МЖӘ бойынша жалпы басшылықты және бірыңғай саясатты қамтамасыз етуге.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
10 апреля 2025