«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына және «Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» азақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі    № 564 бұйрығына және «Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» азақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Заңның қабылдануына байланысты енгізіледі, оған сәйкес «Концессиялар туралы» Заңының күші жойылды деп танылды.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Бұйрық жобасы Консультациялық сүйемелдеу шеңберінде қызметтер тізбесін оңтайландыру, оны пайдаланушылардың түсінуін жеңілдету, қызметтердің барлық қажетті түрлерін өзектендіру жолымен ашықтықты қамтамасыз ету және «МЖӘ туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 10-бабының                1-тармағына және 37-бабының 2) тармақшасына сәйкес келтіру, МЖӘ жобаларының сапасын арттыру және МЖӘ жобаларының құжаттарын сараптау және бағалау қызметтерінің сағатына консультациялық сүйемелдеу қызметтерінің адам-сағатының құнын өзектендіру жолымен қызметтерді жеткізушілердің бәсекелестік ортасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Заңның 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі талаптың енгізілуіне байланысты әзірленді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Бұйрық жобасын қабылдау МЖӘ бойынша жалпы басшылықты және бірыңғай саясатты қамтамасыз етуге, оның ішінде МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін жаңа редакцияда жазуға, сондай-ақ «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның көрсететін қызметтер құнын айқындау әдістемесін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына және «Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» азақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
10 апреля 2025