|
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған НЫСАН |
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып) |
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 5) тармақшасы. |
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта бизнес субъектілерінің мүліктік шығындарды өтеу туралы өтініштерін қарау және келтірілген залал сомасын анықтау үшін Өңірлік комиссияларды құру қарастырылған. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жоба су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу тәртібін реттеу мақсатында әзірленген. |
|
6. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. |